Алматыда 17 жастағы жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты

Алматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурыз кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған.

«Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.