Абай облысының прокурорлары 58 га жерді мемлекетке қайтарды

Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы орманш қорын пайдаланушылардың өздеріне берілген ауданы 58,32 га мемлекеттік орман қоры учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай отырғанын анықтады.

Абай облысының прокуратурасының хабарлауынша, бұл учаскелерге олар демалу, емделу, спортпен шұғылдану және туризм үшін жағдай жасауы керек еді.

Сонымен қатар, берілген 9,82 га жер телімінің 2 учаскесі ҚР Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқаны белгілі болды, бұл Жер кодексінің талаптарына қайшы келеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде сот шешімімен мемлекеттік орман қорының жер телімін пайдалану шарты бұзылып, 1,5 га жер телімі мемлекетке қайтарылды.

«Аумағы 1,9 га құрайтын 1 учаске өз еркімен қайтарылды, қалған учаскелер бойынша талап-арыздар беріліп, материалдар сотта қаралып жатыр»,-делінген хабарламада.

Фото:  gov.kz