Шығыс Қазақстанда мерекеге орай 12 мыңға жуық әйел төлемақы алады

Шығыс Қазақстан облысындағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 12 мыңға жуық әйел төлемақы алады. 

Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі бірнеше санаттағы нәзік жандарға төлемақы берілмек.

«Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегерлері, бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аналарға 15 000 теңге мөлшерінде бір реттік төлем жасалады», — делінген ақпаратта.

Бүгінде Шығыс Қазақстандағы аталған санаттарда 11 887 әйел бар.