Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы көлемі 732,8 млрд теңге қаражат қайтарды

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке жалпы көлемі қанша қаржы қайтарғаны белгілі болды. 

«2022 жылдан бері жалпы 1 трлн теңгеден астам қаржы қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қатысты іс аясында қайтарылды. Ол қамауда болған кезде қонақүй сатып алды деген мәселеге қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі қарап, нақтылау керек», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Фото: gov.kz