Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

4 наурыз сағат 11:22 кезінде Алматы қаласында жер сілкінісі болды.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр.

Алматыда 5 балл көлемінде сезілген.

Эпицентрі туралы мәлімет нақтылануда.

«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүлінуіне мониторинг жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ТЖД.