Қырғызстанда қар көшкіні кезінде төрт шетелдік турист қаза тапты

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Жырғалаң шатқалында болған қар көшкіні кезінде Чехиядан келген төрт турист қаза тапты, деп жазады 24.kg.

Қар көшкіні 25 ақпан күні сағат 13.00 шамасында, 23 турист – Чехия мен Словакияның азаматтары – Тұлпар-Таш жайлауында шаңғы теуіп жүрген кезде болған.

Мерт болған адамдарды қар көшкінінен туристер өздері шығарып, тасымалдауға көмек сұраған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алты құтқарушысы жетіп, туристер тобын қарсы алып, қаза болғандардың денесін Ішкі істер министрлігіне тапсырды.