Шығыс Қазақстанда халықаралық әуе рейстері ашылады

Шығыс Қазақстан облысында халықаралық әуе рейстері ашылмақ.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір тұрғындары Ан-24 ұшағы қатынайтын Өскемен-Зайсан бағытына сұраныс білдіріп отыр.

«Әр рейске 80 пайыз жолаушы толады. Бір рейстің бағасы – 15 мың теңге. Ұшу жергілікті бюджеттен субсидияланады. Биыл мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау көлемі 187,1 млн теңгені құрады. Осы бағыт бойынша жылына барлығы 15 мыңнан астам жолаушы тасымалдау жоспарлануда. 2024 жылы әуе қатынасына сұранысты ескере отырып, Өскеменнен Зайсан ауданына рейс саны аптасына төрт ретке дейін өсті», — дейді басқарма басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда бірқатар халықаралық әуе рейсі ашылмақ. Атап айтқанда:

— 31 наурыздан бастап Өскемен-Мәскеу (аптасына екі рет);

— Екінші жартыжылдықтан бастап Өскемен-Үрімші;

— Мамыр-қыркүйек айлары аралығында Өскемен-Анталия (айына үш рет).

Фото: pixabay.com