Тәжікстанда бірнеше қылмыс жасап іздеуде жүрген адам Өскеменде ұсталды

Бірнеше қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған Тәжікстан азаматы Өскеменде ұсталды.

Құқық қорғау органы қызметкерлері Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында шетелдік қылмыскерді ұстады. 25 жастағы тәжікстандық бір жылдан астам уақыт бойы алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздестіруде болған.

іздеуде жүрген
Фото: ШҚО Полиция департаменті

«Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылуда», — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері ШҚО ПД қызметкерлері іздестіруде жүрген 20-ға жуық қылмыскерді ұстаған.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform