Жамбылда айыппұлының сомасы көлігінің құнынан асып кеткен жүргізуші ұсталды

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты нұсқамаларды тексеру барысында «ВАЗ-21015» маркалы автокөлікті анықтады.

Бұл көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бірнеше мәрте бұзған, сондай-ақ айыппұлдар бойынша берешегі болған.

Жалпы айтқанда, жүргізуші көлік құралымен Жамбыл облысының аумағында 91 рет жылдамдық режимін бұзып, оған 2 миллион 726 мың 400 теңге көлемінде айыппұл салынған.