Алматыда «Көктөбе» телемұнарасы жазға қарай жарықтандырылады

«Көктөбе» телемұнарасын осы жылдың мамыр-маусым айларында сәулеттік жарықтандырумен жабдықтау жоспарда. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.

«2023 жылдың қараша айында қала символының бірі – «Көктөбе» телемұнарасының сәулеттік-көркемдік жарықтандыруын жобалау бойынша дайындық жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл мамыр-маусым айларында аяқтау жоспарланып отыр», — деді Ерболат Досаев.

Фото: Википедия