Әлемге әйгілі бүркітші Айшолпан Қазақстанға көшіп келді

Аты әлемге жайылған бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келді.

«Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4-курста оқимын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын», – деді Айшолпан Kazinform тілшісіне ұялы телефон арқылы берген сұхбатында.

Ол бүркіт өнерін тастамағанын айтты.

«Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. Себебі оқудан қол тимейді», – дейді бүркітші қыз.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі