Тұран студенттерінің жан-жақты дамуына мүмкіндік береді

Алматы қаласының орталық көшелерінде орналасқан университетке жастар ағылып келуде.

Университетіміздің орналасқан жерінің өзі әдемі және студенттерге қолайлы. Жан-жағы студенттерге демалып отыруға арналған. Бұл университетіміздің бірінші ерекше жағы. Универсиететіміз жеті қабаттан тұрады. Бірінші қабатта, студенттердің оқуына керек кітапхана орналасқан. Кітапхана студенттерге керекті оқу жабдықтарымен жабдықталған. Әр студентке сабақ жасауға қажет компьютерлер, әр мамандыққа арналған кітаптар және жиналып отырып ақылдасуға арналған бөлме бар. Осы бірінші қабатпен екінші қабатта студенттерге тамақ ішуге арналған асхана мен кофе ішуге арналған орындар да бар. Университетіміздің оқу жүйесі, студенттерге барынша қолайлы жағдай жасайды. Оның белгісі ғылыми және кәсіпкерлік шеберлікті дамыту мақсатында студенттер бірігіп жұмыс жасай алатын инновациялық коворкинг-хабтың ашылуы. Ол алдағы уақытта студенттердің шығармашылық жағынан, ақпараттық жағынан өздерін дамытуға мүмкіндік береді.

Осы университетке түскісі келетін мектеп оқушыларына ең ауқымды байқаулардың бірі “Grant project” жобасы. Бұл оқуға деген ерекше дарыны бар, креативті жастарды қолдау мақсатында және тегін оқығысы келетін балаларға мүмкіншілік беруге арналаған жоба. Қазіргі кезде оқуға түсе алмай немесе оқуға түсуге мүмкіндігі жетпейтін оқушыларға бұл жоба қатты көмектеседі. Аталған жоба арқылы көптеген оқушылардың жоғары оқу орынына түсуге мүмкіндік алады. Университетте “Ректор гранты” деп аталатын конкурс жүзеге асырылады. Осы конкурстың артықшылығы басқа университеттерде оқуға 80 мен 140 арасындағы балл санымен түсе алмай қалған балаларға  грант бөлуі болып табылады.  Одан басқа студенттердің білімін арттыру үшін белгілі ғалымдар, сарапшылар келіп өздерінің шеберлік сыныптарын өткізеді. Осыған байланысты тағы бір ауқымды бағдарламалардың бірі “Turan fest” іс-шарасы. Бұл өз мамандығына байланысты тәжірбиесін арттыру мақсатында және болашақ мансабынқа бағытталған, магистратураға түскісі келетін студенттерге арналған бағдарлама. Осындай іс-шаралардың ортасында жүрген студенттер алға қойған мақсат-мүдделеріне қол жеткізе алады.

Университеттің тағы бір ерекшелігі студенттерге деген көп  ұйымдардың болуы. Осы ұйымдарда болу арқылы “Тұран” университеттерінің студенттері белсенді өмір сүреді. Ұйымдардың ішінде болу студенттерге шығармашылық, спорттық, ғылым жәге білім, т.б. тұрғысынан дамуға мүмкіндік береді. Әртүрлі жарыстарға, университет ішінде өтетін іс-шара, бағдарламаларға қатысады. Әр жылы “Mr & Miss Turan” атты ауқымды байқауы өтеді. Жыл сайын осы байқаудың жеңімпазы болған жандар Қазақстан аруы байқауларында жеңіске жетіп отыр. Оған дәлел, “Қазақстан аруы — 2023” байқауының жеңімаазы біздің студентіміз болды. Бұл университет үшін үлкен жеңістердің бірі. Сонымен, университеттің басты артықшылығы студенттердің креативті, ғылыми, шығармашылық және  кәсіби дамуы болып табылады.

Нұрмухамбет Диана

“Тұран” университетінің 

2-курс студенті