«Өзімізге осы ыңғайлы»: Балжан Бидаш бұрынғы күйеуін әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған

«КешYOU» тобының экс-солисі Балжан Бидаш әлеуметтік желіде оқырмандарынан бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевке қатысты мәлімет жібермеуін сұрады.

Жахан Отарғалиев Instagram-да мәлімдеме жасап, Алматыдағы жер сілкінісінен соң өзіне Аллаға сыйынатын әйел керек екенін түсінгенін айтты. Жахан мен Балжанның қайта қосылуынан әлі де үмітті оқырмандар оның бұл жазбасын Балжанға жіберген. Дегенмен әнші олардың бұл әрекетіне өзінің ренішін білдірді.

Маған оның стористерін не үшін жібердіңіздер? Біз бір-бірімізді бұғаттап тастағанбыз. Солай дұрыс әрі өзімізге солай ыңғайлы, – деді әнші.

Өнер иесі көпшіліктен бұрынғы күйеуіне қатысты ақпарат жібермеуін сұрады.

Оның не салып, не айтып, не жазып жатқанын маған жібермей-ақ қойсаңыздар, өтініш. Әр адамның иманы жүрегінде болсын, — деді ол.

 

Фото: bidash_official