Балдызымен бірге жалаңаштанып түскен суретін салған Алагөзов елден сөз естіді

Танымал продюсер, әртіс Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитдинова желіге жездесімен жалаңаштанған суретін салды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Aikyn.kz сілтеме жасап. 

Бахым Мұхитдинова бұл суретінің астына қысқа ғана «Жездеммен» деп жазған.

Десе де көпшілік өнер иесінің Тұрсын Алагөзовпен жартылай жалаңаш түскен суретін мүлдем жақтырмаған.

«Ерсі көрінеді», «Апама жездем сай деген осы», «Жездең болса да, ұят екен», «Ойбай, Баян көріп қоймасын», «Суретке түссеңдер де, елдің алдына жариялағандарың не, бір түрлі екен», «Баянын шегесінің қасынан шықпай жүр еді, енді сіңілсіне жабсып алған ба?!» деп жазды олар.

Фото: Bagym_m