Астанада қоғамдық көлікте жолақыны Bluetooth арқылы төлеуге болады

Елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны Bluetooth арқылы төлеуге болады. Төлемнің бұл түрін пайдалану Avtobys мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.

Ол үшін Avtobys мобильды қосымшасын жүктеу, қосымшаға телефон нөмірі арқылы тіркелу, мобильды қосымшаның теңгерімін толтыру (әмиян батырмасын таңдап, ұсынылған әдістердің бірін таңдау) қажет.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, электрондық әмияндар, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздың Bluetooth қосасыз, қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемді растайсыз.

Айта кету керек, әзірге төлем жасаудың бұл тәсілі жолақысын төлеудің электронды жүйесінің жабдықтарымен жабдықталған автобустарда қолжетімді.