Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соғысты

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соғысып, төрт бірдей адам зардап шекті.

Оқиға орнына келген полицейлер бұған дейін «Астана-Қабанбай батыр» тасжолының 18 шақырымында  екі «ГАЗель» көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырағанын анықтады. «ГАЗельдің» 20 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр ауылына қарай келе жатып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, өзіне қарсы жүріп келе жатқан Астана қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші ауыр жарақат алып, түрлі диагноздармен астаналық ауруханаға жатқызылды.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Фото: bangkokbook.ru