«Жылдың үздік Асессорі» анықталды  

Бүгін «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» жобалық басқару жөніндегі Ұлттық конкурсы бойынша «Жылдың үздік Асессорі» анықталды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Злобин аталған номинация бойынша жеңімпаз атанды. Марапатты бүгін Президенттік «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен қатар табысталды.

Бақыт Злобин үш жыл бойы «Qazaqstan Project Management Awards» ұлттық байқауының кәсіби асессоры болып келеді. Аталған конкурс жобалық менеджментті енгізетін ұйымдарды, қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған.

Асессорлар – жобалық менеджмент саласындағы сертификатталған мамандар және белгіленген критерийлерді ескере отырып, үміткерлердің конкурстық жұмыстарының талаптарға сәйкестігін бағалайды. Байқау нәтижелерінің объективтілігі мен сенімді болуы асессордың жоғары біліктілігіне байланысты.

Академия қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және дамытуға көп көңіл бөледі. Жыл сайын Кәсіби жобалық менеджерлердің, сондай-ақ жобалық басқару саласындағы тренерлердің саны артып келеді.