«Заң кеңесі» жобасы аясында «Қала тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсету мәселелері» тақырыбында қорытынды дөңгелек үстел өтті

Бүгінгі қоғамда қала тұрғындарының жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында байланыс бары айдан анық. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру-заман талабының маңызды бөлшегі.Себебі, заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Жалпы заң нормаларын жетік білу мен құқықтық сауаттылық дегеніміз тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын құқық нормаларына көзқарасы, оларға баға беру мүмкіндіктері екені мәлім. Азаматтардың өзінің іс-әрекетінде құқық нормаларын басшылыққа алуы, оны терең түсінуі қабылдау дәрежесінен көрініс табады.Осы орайда,Алматы қаласы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Заң кеңесі» жобасы аясында «Қала тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсету мәселелері» тақырыбында қорытынды дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел барысында «Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлықала жастарына «Заң кеңесі» жобасы аясында атқарылған іс-шаралар бойынша қорытынды есеп берді.Жоба аясында құқықтық мәселелеріне тегін қолдау тапқан қала тұрғындары өз пікірлерімен бөлісіп,білікті заңгерлерге алғысын айтты.Сонымен қатар,Ә   уезов аудандық полиция майоры Сағындықов Ринат Серікқанұлы жоба жетекшілерімен алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.Заңды білу-заман талабы екенін атап өткен білікті заңгерлер Қуат Ауғанбек пен Мұхамеджан Әбдібек қала жастарының көкейінде жүрген заңнамалық сұрақтарына жауап берді.6 айға жалғасқан заң жобасы әлі де өз жалғасын табатынын назарға ала отырып,өз сұрақтарыңызды zankomek.kz сайты арқылы жолдай алатындарыңызды тағы бір еске саламыз. Ендеше, біздің әрқайсымыз үшін қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары десек, оны бағалай білу құқықтық мәдениеттің қайнар көзі екендігі анық.