Қызылжарда балтамен оқушыларға шабуылдаған жеткіншекке сот үкімі шықты

Қызылжарда блім ордасына балта мен пышақ алып келіп балаларға шабуыл жасаған 14 жастағы оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Оған 6 жыл 9 ай түрмеде отыру жазасы кесілді. Оқиға Петропавл қаласындағы №4 мектепте таңертең сабақ басталмай тұрғанда болған.

Давид Джакеладзе есімді жеткіншек бетперде киіп, екінші қабатта оқушыларды балтамен ұрып, жарақат салған еді. Қатарластарына қастандық жасаған оқушыны ересек балалар жабылып тоқтатты.

Тоғыз ай қаралған қылмыстық іс бойынша сот отырысы алқабилердің қатысуымен жабық жағдайда өтті. Күдікті ісін мойындамаса да, дәлелдер келтіріліп, үкім шықты. Судьяның айтуынша, оқушы мұндай әрекетке өз тарапына айтылған сөздерден кейін барған. Оның қылмыс жасауына америкалық кинофильм түрткі болған көрінеді.Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.