Мусиннің министрлігі кімнің сойылын соғып отыр?

Áàãäàò Ìóñèí

30 қараша күні «Ақ жол» фракциясының депутаты Асқар Садықов Starlink желісіне қосылуды талап етті. Тиісті депутаттық сауалды Мәжілістің жалпы отырысында жариялап, Цифрлық даму, инновациялар және Аэроғарыш өнеркәсібі министріне жолдады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Депутаттың айтуы бойынша “Ақ жол” партиясына интернеттің жоқтығына, оның төмен жылдамдығына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінен арыз шағымдар келіп түсіп жатыр. Бүгінгі ақпарат, жұмыс, білім алу, жалпы өмір сүру үшін интернет желісінің маңыздылығын айтпасақ та түсінікті.

Осы мәселеге байланысты “Ақ жол” фракциясы өткен жылдары бірнеше депутаттық сауалдардың жолданғандығы туралы айтылды.

Онда министрліктің ресми есептеріне қарамастан мыңнан аса елді мекеннің интернетке қол жеткізе алмай отырғанын, сол елді мекендерге оптикалық байланыс желісінің салынуы мүлдем жоспарда жоқтығы, Starlink спутниктерінің Қазақстанда 2023 жылы толыққанды жұмыс істеу мүмкін екенін, сол үшін бұл саланы либералды реттеуге көшіп, Starlink тің жұмыс істеуіне шектеу келтіретін барлық кедергілерді жойып, Қазақстандықтарды жоғары технологиялы спутниктік интернет жүйесімен қамтамасыз етуге дайын болуды сұраған.

«Бүгін SpaceX компаниясы Қазақстан нарығында жұмыс істеуге дайындығын мәлімдеді. Еліміздің шалғай ауылдарында отырған кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары амалдың жоқтығынан өз қаражаттарына осы Starlink қондырғыларын орнатып қымбат болса да сапалы интернетке қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, осы интернет желісі медицина қызметкерлеріне телемедицина мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашса, көлік логистика секторында төтенше жағдайларда жедел жәрдем және апаттық қызметтерді шақыруға мүмкіндік береді. Алайда өз қаражаттарына интернет проблемасын шешіп, қосымша шығынға ұшырап, жоқтан бар жасап отырған кәсіпкер азаматтарды қолдаудың орнына, өкілетті орган олардың іс-әрекеттерінің заңсыздығын ескертіп, қоқан-лоқы көрсетіп, айыппұлдармен қорқытуды бастап кетті. Осыдан 10 күн бұрын МЦРИАП өкілі Starlink қызметін пайдалануы заңсыз екенін ескертті», — деді депутат А.Садықов.

Ақ жол партиясы бұл мәселелер туралы 2 жыл бұрын ескеркен екен, бүгін министрлік заңнамалық реттеуге тағыда 1,5 жыл сұрап отыр. Депутаттар екі жылда шешілмеген мәселе бір жарым жылда шешілетініне үлкен күмәндігін білдірді.

«Сіздің нақты мәселені шешудегі позицияңыз шөп қорыған итке ұқсап отыр. Бұл жерде сіздің министрлігіңіз мемлекеттің мүддесін қорғап отыр ма немесе осы саладағы монополистердің сойылын соғып отыр ма деген заңды сұрақ туады. Әйтпесе   әлем таныған және жер шары пайдаланып отырған, қазақша айтқанда   дайындап, ауыздарыңызға салып берген  жоғары технологиялы интернетті жылдам ел игілігіне жаратудың орнына өкілетті министрлік тағы да неге шектеу шараларына көшіп отыр? Сіздердің қолдарыңыздан шектеуден басқа не келеді?», — деді ол.

“Ақ жол” партиясы жолдаған екі жыл бұрынғы сауалын тағы да қайталап, келесі мәселелерге шешуге мән беруді сұрады:

  1. Өз күштерімен, өз қаражаттарымен Starlink желісіне қосылып, министрлік шеше алмай отырған үлкен әлеуметтік мәселені шешіп отырған азаматтарымызды қудалалауды тоқтатып, оларға техникалық көмек көрстетіп, орнатылған Starlink қондырғыларын заңдастыру.
  2. Starlink интернет желісіне азаттар мен мекемелер заңды және қауыпсіз қосылу үшін қажетті техникалық шешімдермен қамтамасыз етуді жылдамдатуды талап етті.