Қазақстанда ЖСН алу тәртібі өзгереді

Ішкі істер министрлігі бұйрықты талқылауға шығарды. Жаңа ережеге сәйкес, шетелдіктер электронды үкімет порталы арқылы ЖСН ала алмайды.

ЖСН алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына өзі келіп, өтініш беруі қажет.

Енді бұл қызметке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіріп, құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (ИИЖ) өтінішті толтыру қажет.

ҚР азаматтығы жоқ, бас бостандығынан айырылған шетелдіктер және тұрақты тұрмайтын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу үшін осы қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш негіз болады, – делінген құжатта.

Егер шетелдік азаматтың Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырарда құжаттары толық болмаса немесе қолданылу мерзімі өтіп кетсе, құжаттары қабылданбайды. Мемлекеттік қызметті көрсетілмейтіні туралы қолхат беріледі.

Айта кетейік, ескі ереже бойынша шетелдіктер ЖСН-ді халыққа қызмет көрсету орталықтарында, екінші деңгейлі банктерде немесе ҚР азаматы саналатын ресми өкілінің көмегімен электронды үкімет порталы арқылы алатын еді.