Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды

Әнші Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы естелігін айтып, әсерлі жазба қалдырды. 

Мақпал Жүнісованың айтуынша, өнер адамдары бір-бірімен құдаласып, жақсы байланыс орнатқан.

Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған, иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз, қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді, қазақ әншісі ретінде де өз тыңдармандарының алғысын алды, үш жылдан бері Құдалар болып талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді, отбасыңыз жақсы болды, Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз, үй салып, ағаш ектіңіз. Артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін, иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын, — деп жазды Мақпал Жүнісова.