Қырғызстанда балаларға анасының тегін алуға тыйым салынды

Қырғызстанда биыл жазда конституциялық сот ел азаматтарына кәмелеттік жасқа толған соң әкесінің немесе анасының тегін өз қалауынша таңдауға мүмкіндік беретін шешім қабылдаған болатын. Бұл бірден биліктегілер арасында үлкен сынға ұшырады.

Парламенттегілер тіпті конституциялық сот шешімдерінің күшін жоюға мүмкіндік беретін арнайы заң қабылдады.

Кейін соттың ресми сайтында құжат қайта жарияланды.

«Заңға өзгерістер енгізу туралы шешім түпкілікті болып табылады. Оған шағым жасауға болмайды және жарияланған күннен бастап күшіне енеді», — делінген құжатта.

Сондай-ақ бұл шешімді Қырғызстан аумағындағы барлық мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғалар орындауға міндетті екені айтылған.