Кісі өлімі: Бишімбаевты қанша жылға соттайды

9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені белгілі. Полиция департаменті іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Астана мейрамханаларының бірінде өлтірілген әйелдің ісі ҚК 99 бабы 1 бөлігі бойынша тергеліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша қылмыстық іс басқа адамды қасақана өлтіргені үшін қозғалады. Осы іс бойынша кінәлі деп танылған адам 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.