Ішкі істер вице-министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Вице-министрдің айтуынша, Бишімбаев қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Қазір мейрамхана қызметкерлері әрекетсіздік үшін жауапкершілікке тартыла ма деген сауалға қатысты тергеу бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, олар сізге кейінірек түсініктеме береді. Қалғанына қатысты пікір білдіре алмаймын», — деді Сәрсенов.