«Бұл – ерекше күн». Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген желтоқсанда Гонконгта жеке ән кешін өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген жеке кешін өткізетінін айтып, тыңдармандары мен табынушыларын қуантты.

Dears! 23 желтоқсан күні менің Гонконгтағы жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын! Бұл – ерекше күн. Өйткені дәл осы күні, 7 жыл бұрын, мен Қытайға алғаш рет аяқ басқан едім. Содан кейін сіздермен шығармашылық жолымның қызық сәттері басталды! 7 саны қазақ халқы үшін ерекше. Сондықтан осы мерейтойда сіздермен Гонконгта STRANGER концерт турымды жалғастыру үшін кездесетінімізге қуаныштымын! Жақында билеттер сатыла бастайды» — деп жазды Димаш Құдайберген.