«БҰРАҢ БЕЛ» облыстық  хореографиялық  байқауы

Өтетін күні:

10 қараша 2023 ж.,сағ.15.00                            

                                                                                        Өтетін орны: «Горняк» ОМС Степногорск қаласы

                                                                                

«Бұраң бел» облыстық хореографиялық байқауы – өңіріміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі.

Байқаудың басты мақсаты – қазақ би өнерін дамыту, жастардың хореографияға деген қызығушылығын арттыру, тәжірибе алмасу және орындаушылық шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау.

Ақмола облысының қалалары мен аудандарының көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымдары қазақтың халықтық және стильденген билерін ұсынатын болады.  

Екінші кезеңге жолдама алған қатысушылар «Бұраң бел» байқауының қорытынды гала-концертінде өз шеберліктерін көрсетеді.

         Үміткерлерімізге төрелігін айтып, бағасын беретін қазылар алқасының құрамына Ордабаева  Гүлмира – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісінің иегері, қазылар алқасының төрайымы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің хореограф-педагогтері Буторина Елена және Гайсина Алтын енді.

           Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталатын болады.

Сонымен қатар, іс-шара аясында ауылдық, аудандық, қалалық мәдениет үйлерінің хореографиялық ұжымдарының қатысушылары мен жетекшілері үшін орындаушылық деңгейін арттыру, кәсіби мамандардан кеңес алу, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақ халық биінің элементтерін оқыту» тақырыбында шеберлік сыныбы өтеді.