Ұлттық Банк «Ғалам идеялары» монеталар сериясынан «Тәңірлік таным» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Таралымы — бар болғаны 500 дана.

Монетаны Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады. Сатылымдар 3 қарашада басталады.

TÁŃIRLIK TANYM 925/1000 сынамалы күмістен күрделі технология бойынша тантал кірістіруімен жасалған.