“Қазақтар әлемді жаулайды”: Желіде қазақы нақышта киінген жігіт қытайлықтарды таңғалдырды

Желіде қазақи ұлттық нақышта киінген жігіт қытайлықтарды таңғалдырды.

TikTok желісінде тараған видеолар, 1,2 миллионнан бастап, 2,1 миллионға дейін қаралым жинаған.  Видео авторы: “Қазақтың ұлттық киімі әлемдегі ең әдемі киім”,- деп жазып қалдырған.

Ал желі қолданушылары таласа пікір қалдырды. “Айтарға сөзім жоқ, керемет!”, “Қытайлар таң қалуда. Бойы ұзын, келбетті, сымбатты жігітке қазақы киім керемет жарасады”, “Қытайлықтар жанында ергежейлі сияқты”, “Қазағымның керемет киіміне қарамайтын ел жоқ шығар кереметқой көз тартымды”, “Қарай бергің келеді, шіркін!”, “Қазағымның сұлтан жігіті, жер бетін таңғалдырып жүре бер”, “Қазақтар әлемді жаулайды”, “Болашақта осылай жүру сәнге айналады”, – деп жазысты пікір қалдырушылар.