Астанада төрт өнеркәсіптік альпинист тоғызыншы қабаттан құлап, біреуі көз жұмды

Астанада төрт өнеркәсіптік альпинист оқыс жағдайда тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Салдарынан зардап шеккендердің бірі қаза тапты.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем келгенше қайтыс болған, ал қалғандары ауруханаға жеткізілген. Жапа шеккендердің барлығы 21 мен 24 жас аралығында болған.

Полиция құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Ведомствоның мәліметінше, жігіттер тұрғын үй кешенінің құрылысында биіктегі жұмыстарды атқарып жүрген.