«Оған виза берілмеді”: Алматыда ашулы клиенті басына қайшы тыққан туристік фирма өкілі оқиғаны ашып айтты

Алматыда туристік фирманың директоры өзін қайшымен жарақаттаған клиентті жазалауды талап етуде. Жәбірленуші оқиғаның мән-жайын ашып айтты. Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды.

Туристік компанияның директоры Мария Ералиева осы оқиғадан соң күйзелістен емделуге тырысуда. Ол туризм саласында 10 жыл жұмыс істеген екен. Алайда ацтуынша, мұндай жағдайға бірінші рет тап болған. Ызаланған клиент консулдықтың виза беруден бас тартқанын білген соң, туристік компания басшысына кеңсе тауарларын лақтыра бастаған. Салдарынан қайшы оның дәл басына тиген. Дәрігерлер қанды тоқтатып, тігіс жасапты.

“Кесенің ішінде қапсырмалар, қарындаштар, қаламдар, сызғыштар мен қайшылары бар ыдыс бар еді. Бұл бір сәттік қақтығыс болды. Алдымен ұрысып, шу шығарды. Салдарынан қазір міне маған төрт тігіс салды. Егер сүйек болмағанда, қайшы әбден тереңге кіріп кетер еді”, – деді жәбірленуші.

Марияның айтуынша клиент туристік компанияға хабарласып, отбасына Германия мен АҚШ-қа виза алу үшін құжаттарды дайындауға көмек сұраған. Алайда оның бүкіл отбасы мүшелеріне виза берілмеді. Кейін клиент консулдық алымдарға жұмсалған 300 мың теңгеден астам ақшаны қайтаруды талап еткен. Мария өз жұмысын толығымен орындағанына сенімді. Айтуынша бәрібір соңғы шешімді консулдық өкілдері қабылдайды екен.

“Барлығы оның консулдыққа қалай барып, өзін қалай ұстауына байланысты. Өйткені АҚШ-қа визаға өтініш білдірсе, беріліп берілмейтіні сұхбат кезінде консулдық анықтайды. Иә, ол көп ақша жоғалтты. Бірақ оның бізге ешқандай қатысы жоқ. Ол мәселен, Германия консулдығын мен АҚШ консулдығын қиратпады ғой”, – деп қосты Мария.

Күдікті қазір қамауда. «Өзбырлық» бабы бойынша ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.