Тоқаев 5G желісін енгізуді 2025 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдарды ұялы байланыспен қамтуды тапсырды.

«2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс. Бұдан бөлек, бұл мақсатқа жету үшін төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы керегін атап өтті. Қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуге болады, дейді ол.