Динара Сәтжан ұлын әскерге шығарып салды

Тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы Даниял Отан алдындағы борышын өтемек.

Динара Сәтжан ұлының құрметіне дастархан жайып, жақындарының басын қосты.

“Балам! Жаным! Біз сенімен мақтанамыз және сенің әскерге бару туралы шешіміңді қолдаймыз. Мұның оңай болмайтынын түсінеміз, қиынға соғары сөзсіз. Бірақ бұл –сенің Отан алдындағы борышың. Бұл – өмір мектебі. Әскерден кейін сені қазіргіден де мықты әрі батылырақ боласың. Сен онсыз да күштісің және мұны кезекті мәрте дәлелдедің”, – деп жазды Динара Сәтжан.

Динараның анасы жиен немересіне ақ жол тілеп шығарып салды. Даниял да әскерге аттанар алдында апасына орамал сыйлап, анасы екеуіне қымбат телефон тарту етті.