Қазақстандықтардың наразылығынан кейін «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілім мерзімі ұзартылды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы көпшіліктің сұрауына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты.

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Яғни, фильм мемлекеттік қаражат есебінен түсірілді. Келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді», — деп хабарлады «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Алашорда өкілі Міржақып Дулатұлының қиын тағдырын баяндайтын «Міржақып. Оян, қазақ!» тарихи драмасының кинопрокаттан алынуы қазақстандықтардың наразылығын тудырған және Фильм режиссері Мұрат Есжанның 6 сериялы телехикаядан жасалған көркем фильм жақын арада «Qazaqstan» арнасының эфирінен көрсетілетінін айтқан.