Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды.

«Скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп –40:35. Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты.

Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.