Оңтүстік Кореяда жұмыс істеген қазақстандық 18-қабаттан құлап қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда 18-қабаттағы пәтердің төбесін бояғалы жатқан қазақстандық ер адам жерге құлап кетіп көз жұмды.

47 жастағы ер адам Кимхэ қаласының Квандон ауданындағы 18-қабаттағы пәтердің төбесіне бояу жұмыстары үшін қорғаныс жолағын орнатып жатқаны хабарланды.

Болжам бойынша, ол қауіпсіздік жолағын орнату кезінде шалынып құлап кеткен. Оқиғадан кейін бірден қазақстандық азамат ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Полицияның мәліметінше, қазақстандық ер адам Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Ол елге туристік визамен кірген.

Сонымен бірге, жергілікті полиция бұл жазатайым оқиғаны егжей-тегжейлі зерттейтінін, әсіресе жабдықтың тозуы мен компания басшылығының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тексеретінін мәлімдеген.