«Дәлел келтіріңіз»: Актер Нұртас Адамбай намазхандарды алаяқ деп айыптаған Ринат Зайытовқа шүйлікті

Кино саласынан кетіп, дін жолына түскен Нұртас Адамбай “алаяқтардың 80 пайызын намаз оқитындар” деп мәлімдеме жасаған Ринат Зайытовтан түсініктеме беруді талап етті.

“Мен парламент депутаты Ринат Зайытовқа үндеу жасамақпын. Депутат Зайытов, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде “алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды” деген мәлімдемеңізге дәлел келтіруіңізді сұраймын. Өз сөзіңізді дәлелдей алмаған жағдайда мен сізді жәй ғана “мылжың” деп есептейтін боламын. Ал парламентте мылжыңдарға орын жоқ. Намазхандарды еш негізсіз айыптаған болсаңыз, депутаттық қызметіңізден кетіңіз. Орныңызды білікті жанға тапсырыңыз. Өз сөзіне жауап бере алмайтын адам еліміздің заң шығарушы билікте отырмау керек. Дәлеліңізді күтемін”, – дейді Нұртас Адамбай.

Бейнежазба астында пікір қалдырған желі қолданушылары Ринат Зайытовқа араша түсіп әлек.

“Менің ойымша, Ринат дінді жамылып құйтырқы әрекеттерін жүзеге асырып жүргендерді меңзеді”, “Нұртас, қашаннан бері әулие бола қалғансың?”, “Ринат дұрыс айтты. Ол мылжың болса, сен клоунсың”, “Не десе де, Зайтов дұрыс айтты,тірлігіңді тоқтатпа”, ”Намазхандарды 100 пайыз таза, еш жаман пиғылы жоқ адамдар деп те айту қиын”, “Ринаттың кімдерді және қандай мағынада айтқанын түсініп алыңдар”, “Дәлелдейтін түгі жоқ, бәрі онсыз да белгілі дүние”, “Ринат өз ойын дұрыс жеткізбеді”, – деп жарыса жазды желідегілер.