Өнерлі шаңырақ облыстық фестиваль-байқауы

Өтетін мерзімі: 14 қыркүйек 2023 ж.

сағ.15.00

Өтетін орны: Бұланды ауданы, АМҮ

 

Отбасы күнін мерекелеу аясында бірлігі жарасқан, берекелі, шығармашыл отбасыларды дәріптеу, олардың кәсіби өсуі мен шығармашылығына қолдау көрсету, отбасы институтын нығайту және дамыту мақсатында Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Өнерлі шаңырақ» облыстық отбасылық байқау-фестивалін өткізеді.

Байқауға Ақмола облысының Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандары мен Қосшы, Степногорск қалаларынан өнерлі отбасылар қатысады.

Байқау екі кезеңмен өткізіледі: іріктеу және қорытынды гала-концерт.

«Өнерлі шаңырақ» облыстық фестиваль-байқауына қатысушылар жанұя мүшелерімен, олардың шұғылданатын сүйікті ісі, отбасылық дәстүрімен, тыныс-тіршілігімен таныстырып, қазылар алқасы мен көрермендер назарына өз өнерлерін ұсынатын болады.

Іс-шараның барлық қатысушылары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.