Көкшетауда жастар арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылады

Көкшетау қаласының  жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерін  тарту және біріктіру, әлеуметтік белсенді, дарынды жастарды анықтау, жастардың кәсіби және шығармашылық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында «Өз ойым» атты зияткерлік сайысының өткізілуі жоспарланып отыр, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Сайыстың шарттары бойынша құрамында 3 адамнан аспайтын топ құру, әрбір топ құрамы бірдей киім үлгісін сақтау керек. Іс-шара мемлекеттік тілде өткізіледі.

Шараға барлығы 12 топ қатысады. Сайыстық бағдарламаны бағалау үшін құрамына мемлекеттік мекемелердің, жастар ұйымдарының өкілдері кіретін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасы әр топтың жауап қағазын тексеріп қорытынды шығарады, сайыс жеңімпаздарын анықтайды. Қазылар алқасы қосымша жүлделерді енгізуге құқылы.

Сайыс  қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, дипломдармен және сертификаттармен  марапатталады.

Өтетін орны: Сәтпаев к-сі 1Б мекен-жайы бойынша орналасқан акт залы.

Өткізілетін мерзімі: Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 12 жұлдызында сағат 14:00-де.