«Екі жаққа кеттік»: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растады

Көпшіліктің көзайымына айналған жұлдызды жұп Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш айырылысып кетті.

Балжан Бидаш соңғы кезде көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

“Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан “рас па, өтірік пе” деген ақпаратты “біз екі жаққа кеттік” деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан”, – деп болған жағдайға қарамастан Жаханға қолдау білдірді.

Балжанның жазбасынан кейін желі қолданушылары өкінішін білдіріп, демеу көрсетті.

“Балжан үй сатып пәтерлеп жүргенде жанында жүрді. Еркектерге бәрібір екені тағы дәлел”, “Балжан күшті келін бола білді”, “Өте өкінішті. Әдемі жұп едіңіздер. Алла тіл көзден сақтасын”, “Балжан ақылды әйел. Бақытқа лайықсыз”, “Көргенді текті қызды көрсеттің, жарайсың”, – деп жазды желідегілер.