Желіде жастардың жаппай төбелесіп жатқан видеосы тарады

Атырау облысында жастардың жаппай жаға жыртысып жатқан видеосы тарады. Бейнежазба Құлсары қаласында түсірілген.

«5 қыркүйек күні сағат 22:20 шамасында Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында топтасқан адамдардың төбелескені анықталып, жергілікті полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде барлық қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Дене жарақатын алғандар және ауруханаға жеткізілгендер жоқ» дейді департаменттің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.