Қараталдағы Барбершоп

Бүгінде табыс табудың түрлі жолын іздеп, күнделікті сынаққа толы өмір жолында тәуекелі көп сұлулық саласындағы кәсіпте шыңдалушылар өте көп. Талап пен талғамының, қабілеті мен қарымының арқасында іскерлігін дәлелдеп жүргендер нақты нәтиже көрсетіп жүргені де белгілі. Бүгін біз жазбақ кейіпкеріміз Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының түрғыны, «Бастау-Бизнес» жобасының түлегі, 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың иегері Ахмет Мамуч Оглы аудан халқына тек үлкен қалалардың өзінде сирек кездесетін кәдімгі шаштараздан ерекше – әмбебап, тек ерлерге арналған «Барбершоп» шаштаразын ашқан кәсіпкерге ағымдағы ақпан айының 10 күні Атамекен ҰКП Жетісу облысы, Қаратал ауданы филиалының директоры Құсайынов Фархат арнайы барып тыныс – тіршілігімен танысып қайтты.

«Барбершоп» – ерлер шаш қиятын, са¬қал-мұртын сәнге келтіретін салон. Ол еліміздің нарығына «келгеніне» көп бо¬ла қоймаса да трендтегі бизнестің бі¬ріне айналғаны анық. Шығу тарихына қысқаша тоқталсам, «барба» ағылшын тілінен аударғанда сақал деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет ерекше шаштараз өткен ғасырдың 30-шы жылдары АҚШ-та пайда болған. Бұл – тек ер кісілер келіп шаш, сақал-мұртын ретке келтіретін салон. Нарықтағы соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша ерлер арасында сырт келбетке көбірек көңіл бөлетін, бұрынғығы қарағанда бүгін саулық пен сұлулыққа ерекше ден қоятындардың қатары көбейген.

Кейіпкеріміз Ахмедтің айтуынша:

«Барбершоптың» өз атмосферасы болу керек. Бұл жай ғана кәдімгі сұлулық салон емес, күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт эстетикалық демалыс сыйлайтын орынына айналуы керек. Қонақтардың тек шашы мен сақалын әдемі қиып қоймай, «барбермен» түрлі тақырыпта әңгімелесуге жол ашу. Жарнама мен маркетингтің көмегін дұрыс пайдалану өте маңызды бұл жерде. Түрлі тақырыпта әңгімелесу арқылы әр қонақ келесі келгенде + 1 біздің қызметті пайдаланушыны ерте келеді», — дейді.

«Арамызда жұмыссыздықты желеу етіп екі қолын бос қусырып жүрген жастарымыз бар. Оларға айтарым, еңбектенуден қорықпаңыздар. Кез келген адамның бір нәрсеге иекемі болады. Сол мүмкіндікті пайдалана білсең болғаны. Табысқа жеткен, кәсібін дөңгелеткен адамдар табысқа бір күнде жеткен жоқ тек талыпыныңыздар демекпін», — деді аудандық палата басшысы.

 

                                                            Қобланды Абенов