Ақтөбеде бірінші сынып оқушысы мектепке барар жолда көз жұмды

Фото: pixabay

Баланың денесі үй ауласынан таңғы сағат 7:30-да табылды.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 ақпан күні таңертең Маресьев көшесіндегі үй ауласынан бірінші сынып оқушысының мәйіті табылған.

«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмағанын анықтады. Өлім себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», – деп мәлімдеді полиция.

Сонымен қатар, ПД таратылып жатқан «баланы ит талады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.