Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстары кезінде ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануы орын алды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Бұл туралы Дөң тау-кен байыту комбинатының әлеуметтік желісінде айтылды.
Оқиға салдарынан төрт жұмысшы күйік жарақатын алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Қазіргі уақытта инциденттің себептері анықталуда. Шахтадағы кен өндіру жұмыстары жою шаралары аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды.
ПІКІР ЖАЗУ