Ақтау – Алматы рейсінің ұшағы қозғалтқыштағы ақауға байланысты қайта оралды

skytraxratings.com

Air Astana әуе компаниясының Ақтау – Алматы рейсі қозғалтқыштағы ақауға байланысты ұшқан әуежайына оралды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл ақпаратты Tengri Travel басылымына әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.

Әлеуметтік желілерде ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 20 минут өткен соң қозғалтқыш істен шыққаны туралы жазбалар тарады.

«Ұшақ салонында жарық біртіндеп сөне бастады, қорқынышты гүріл естіліп, күйік иісі шықты. Стюардессалар анық қобалжып, әрі-бері жүгіріп жүрді, ал жолаушылар үнсіз отырды, бір-біріне қарап, не болып жатқанын түсіне алмады», – деп жазды жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде.