«Сұмдық»: Баян Алагөзова Астана қаласынан шошыды

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова 2025 жылдың 12 наурызында Астанада өзінің авторлық шоуын өткізеді. Ол осы мақсатта бас қалада бірнеше күннен бері дайындық үстінде. Бұл ретте, Алагөзова елорданың боранына таңданысын жасырмады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бүгін, 2025 жылдың 10 наурызында Алагөзова қонақ үй терезесінен түсірілген шағын бейнені желіге жүктеді.

«Астанадағы ауа райын көрсеткім келіп тұр. Сұмдық боран. Көктем бұл жерде жүрек түбінде»,- деді ол.