Апорт пен қызғалдақ отандық бренд ретінде тіркелуі мүмкін

Фото: ғаламтордан

Апорт пен қызғалдақты отандық бренд ретінде тіркеу ұсынылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Алматының апорты мен қызғалдақты ресми түрде отандық бренд етіп бекітуді ұсынды.

Нидерландтағы қызғалдақтың отаны – Қазақстан. Қызғалдақты өзімізде өсіріп, ұлттық брендке айналдыруға болады. Осы мәселені қолға алсақ. Одан бөлек, Алматының апорт алмасы, қазір бала кезіміздегі апорттан айрылып қалдық, — дейді депутат.