Алматыдағы өрт орнында әйелдің денесі табылды

Бүгін таңертең Әуезов ауданында өрт шықты — тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртеніп кетті. Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, өрт таңғы 6-да сөндірілді.

Құтқарушылар 23 адамды эвакуациялады. Қалалық ауруханаға 34 жастағы ер адам жатқызылды, сондай-ақ 1997 жылы туған әйелдің денесі табылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтаушылар мен полицейлер анықтайды.