Алматыдағы лай көшкіні: 17 жастағы егіздер үйінді астында қалған

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкінінен кейін үйінді астынан іздестіріліп жатқан отбасы туралы айтты. 

Оның айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған. Балалар №48 мектепте оқиды. Олар сол күні сабаққа бармаған.

«Мектеп директоры да осында. Түнде полиция басқармасы арқылы отбасының ұялы телефондарын іздедік. Телефондарға сигнал түскен жоқ. Телефондар үйде деген ақпарат бар», — деді әкім.

Сонымен қатар ол көшкіннің ықтимал себептерін атады

«Үйлер дұрыс салынбаған. Дұрыс орнатылмаған дренаж жүйесі және таудағы үйлердің жүктемесі себеп болуы мүмкін. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Кейінірек бәрі анықталады», — деді аудан әкімі.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...