Алматыда ТЖ департаментінің қызметкерлері флешмоб биледі

Алматыда ТЖ департаментінің қызметкерлері флешмоб биледі. Олар биін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырған, — деп хабарлайды ozgeris.info порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы ТЖД-да 200-ге жуық нәзік жанды қызмет атқарады. «Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен аруларымыз үйдің ғана емес, түздің де жұмысын абыроймен атқарып жүргені шындық» дейді ведомство өкілдері.

ТЖД-нің қыз-келіншектері қазақстандық аруларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Сұлулық пен нәзіктік, батырлық пен қайсарлық секілді асыл қасиеттерді бір бойына сыйдырып алған ТЖД-нің қыз-келіншектері халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер барда ер азаматтардың еңсесі ешқашан түскен емес. Өмірдің мәні де сәні де сіздерсіздер! Сондықтан денсаулық, отбасылық махаббат тілейміз! Әр таңдарыңыз шуақты, бай-қуатты болыңыздар!», — дейді ведомство өкілдері.

ozgeris.info порталы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...